ZEKET HUB
Қайырымдылық орталығы негізгі 2 бағытты қамтиды: мұқтаж отбасыларды тұрақты түрде қайырымдылықпен қамтамасыз ету және кәсіпке баулу.
Тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан жандарға нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарын жүргізу. Мамандықтар 3 бағытты қамтиды: кәсіп мектебі (дәнекерлеуші, жиhаз құрастырушы, кілт жасау), бизнес мектебі (жобалау менеджері, өнім менеджері, СММ, мобилография), этно кәсіп (көрпе тігу, астау жасау, киім тігу), ағылшын тілі, т.б.
Құрастырмалы баспана
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры табиғи апаттардан немесе қиын тұрмыстық жағдайға тап болған мұқтаж отбасыларға арнап құрастырмалы баспана тұрғызу жобасы қолға алынды.
«QAZ-QATAR» құрастырылмалы тауық фермалар жобасы
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Құрастырылмалы тауық фермалар жобасын іске қосты. Қазіргі уақытта Ақмола облысында және Түркістан облысында «QAZ-QATAR» тауық фермалары жұмыс жасауда. Жобаның мақсаты - мұқтаж отбасыларға жүйелі түрде көмек беріп, аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік жасау. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды жеке қамқорлыққа алу мақсатында, отбасыларды етпен және жұмыспен қамту.
«ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА»
Бизиборд және логопедиялық үстел
Мүмкіндігі шектеулі және ауыр дерті бар балаларға республика бойынша 1.000 дана бизиборд (балалардың ой-өрісін дамытуға арналған ойын түрінде құрылғы) табыстау жоспарлануда. Қазіргі уақытқа дейін балаларды оңалту орталықтарына 400 бизиборд және логопедиялық үстел (мүмкіндігі шектеулі балалардың жұмыс жасау орны) сыйға берілді.
«ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА»
Инклюзивті спорт зал жобасы және Емдік дене шынықтыру (ЛФК) инструкторларын даярлау курсы
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті спорт зал және емдік дене шынықтыру (ЛФК) инструкторларын даярлау курсын құру мақсатында арнайы жоба бастады. Қазіргі уақытта шалғай өңірлердегі 9 емдік дене шынықтыру (ЛФК) инструкторлары аталған курста оқып, біліктілігін арттыруда.
Есту және сөйлеу қабілеті нашар жандарға арналған «Ерекше кәсіп» жобасы бойынша кілт жасау курсы ашылды.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «ZEKET HUB» қайырымдылық орталығында есту және сөйлеу қабілеті нашар жандарға арналған «Ерекше кәсіп» жобасы бойынша кілт жасау курсының ашылу салтанаты өтті. Кәсіп ашудың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіпке баулып, қоғамдық ортаға тарту. «Ерекше кәсіп» жобасы аясында алдағы уақытта мылқау жандарға кілт жасау бойынша сабақтар жүйелі түрде жүргізілетін болады.








