Zeket Hub

жаңалықтары

«Ерекше кәсіп» курсына қатысушылар сертификат алды

«Ерекше кәсіп» курсына қатысушылар сертификат алды

Бірер ай бұрын елордадағы «ZEKET HUB» қайырымдылық орталығында есту және сөйлеу қабілеті нашар жандарға арналған «Ерекше кәсіп» кілт жасау курсы басталған болатын. Жуырда курстың алғашқы қатысушылары кілт жасаудың қыр-сырын толық үйреніп, сертификат алды.

«Есту және сөйлеу қабілеті төмен жандарды қоғамдық ортаға тарту мақсатында ашылған «Ерекше кәсіп» курсын жүйелі түрде жүргізіп отыруды қолға алған едік. Аллаға шүкір мінеки, курстың алғашқы легіне толық оқып шыққанын растайтын сертификаттар табыстап отырмыз» деп атап өтті ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев.

 

Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://zhobalar.zeket.online/klinika/blog-5.html#sigProIdf37dccec51

Елордада «Ерекше кәсіп» кілт жасау курсы ашылды

Елордада «Ерекше кәсіп» кілт жасау курсы ашылды

Елордада ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен есту және сөйлеу қабілеті нашар жандарға арналған «Ерекше кәсіп» жобасы аясында кілт жасау курсы ашылды.

Аталмыш курстың ашылу салтанаты «ZEKET HUB» қайырымдылық орталығында өтті. Курстың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды кәсіпке баулып, қоғамдық ортаға тарту. «Ерекше кәсіп» жобасы аясында алдағы уақытта мылқау жандарға кілт жасау бойынша сабақтар жүйелі түрде жүргізіледі дейді қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы.

Image