Zeket Hub

жаңалықтары

Емдік дене шынықтыру инструкторлары курсқа қатысты

Емдік дене шынықтыру инструкторлары курсқа қатысты

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай «Зекет және қайырымдылық қоры» елордада «Өнеге» оңалту орталығымен бірлесе Емдік дене шынықтыру (ЛФК) инструкторларын даярлау курсынының алғашқы қатысушыларына салтанатты түрде сертификат табыстады.

10 күнге созылған курсқа аймақтарда орналасқан оңалту орталығының мамандары тегін қатысып, біліктілігін арттырды.

«Қазіргі таңда ерекше балалар мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Осы ретте әуелгі мақсатымызға сай оңалту орталықтары мамандарының біліктілігін арттыруға көметесуді жөн санадық. Еліміздің әр аймағынан келген курс қатысушыларының жолақысы, жатын орны мен тамағына қор демеуші болды. Мамандар көп нәрсені үйренді, енді алдағы жұмысына алған білімін қолданады деген сенімдеміз» дейді «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев.

Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://zhobalar.zeket.online/klinika/blog-4.html#sigProIdd3ce4e82ac

Емдік дене шынықтыру инструкторларын даярлау курсы ашылды

Емдік дене шынықтыру инструкторларын даярлау курсы ашылды

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Республикалық бас мешітте «Емдік дене шынықтыру (ЛФК) инструкторларын даярлау» курсының ашылу салтанаты өтті.

Республикалық бас мешіт имамы Қанат Қыдырмин аталған шараға қолдау көрсетіп, арнайы құттықтау сөз сөйледі. «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы өз кезегінде ерекше балаларға қайырымдылық көмек көрсету бағыты бойынша қордың алдағы уақыттағы жоспарын баяндады. Бұған қоса, қор басшысы логопедиялық үстел бойынша презентация өткізді.

Сонымен қатар, «емдік дене шынықтыру инструкторларын даярлау» курсы бойынша ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Өнеге» оңалту орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, бірқатар келіссөздер жүргізілді. Меморандум аясында емдік дене шынықтыру инструкторларын даярлау курстары өткізіліп, қорытындысы бойынша курстан өткен инструкторларға тиісті сертификаттар табысталмақ.

Семинар барысында ерекше балаларға арналған спорт секцияларын ашу жоспарланып, инклюзивті спорт зал құрудың моделі жасалды.

Смотреть встроенную онлайн галерею в:
https://zhobalar.zeket.online/klinika/blog-4.html#sigProId0cb2c1af57

Image